Коммунальное государственное учереждения «Средняя школа Туюк" государственного учереждения"Отдел образования по Кегенскому району Управления образования Алматинской облости
Официальный интернет-ресурс

Структура

Аувакир Меруерт

Аувакир Меруерт

Директор
  • Аувакир Меруерт
  • Аувакир Меруерт

    1977 жылы 26 мамырда МХР Улан-Батор қаласында дүниеге келген. Әкесі -Әубәкір, анасы -Самалхан. Отбасының тұңғышы.

               1985 жылы МХР Налайх ауданындағы № 2 мектепке 1- сыныпқа қабылданған.

               1991 жылы отбасымен бірге Алматы облысы, Кеген ауданы, Тұйық ауылына еңбек келісімі-шартымен ата -анасы көшіп келген.

               Меруерт осы мектепке 1991 жылдың  қыркүйек айында Тұйық ауылында  9 жылдық Тұйық орталау мектебінің 7- сыныбына қабылданып,  желтоқсан айында «Үздік» білім сапасын көрсетіп, 8- сыныпқа  ауыстырылған. 1993 жылы аталмыш мектептің 9- сыныбын бітіріп шығады. 10- сыныпта Жезқазған облысы, Қайрақты деген ауылда, 11- сыныпты Кеген ауданы Тасашы орта мектеп-интернатында оқып, үздік аттестатпен бітірген.

               1995-2000 жылдар аралығында Шымкент облысы Түркістан қаласында Яссауи атындағы халықаралық Қазақ -Түрік университетінің филология факультетін қызыл дипломмен аяқтайды.

               2002-2015 жылға дейін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2015-2022 жылға дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2022 жылдың 18 желтоқсанынан мектеп директоры қызметін атқарып келеді.

    .                               

     

  • Аувакир Меруерт